06 ақпан 2021 19:47

ҚазҰУ мен ЕҰУ ректорлары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректорлары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректорлары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылы 5 ақпанда "Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі жоғары оқу орнының басқарма төрағасы - ректоры лауазымына үміткерлердің кандидатураларын қарады.

ҚазҰУ директорлар кеңесі әңгімелесуге қатысушылар ұсынған ЖОО-ның даму бағдарламаларын зерделеп, республикалық комиссияның қарауына екі кандидатты - Жанар Амангелдіқызы Темірбекова мен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевты ұсынды.

"ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен республикалық комиссия ЖОО директорлар кеңесінің мүшелері ұсынған кандидаттармен әңгімелесу өткізді және "әл-Фараби атындағы ҚазҰУ" КЕАҚ басқарма төрағасы-ректоры лауазымына Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевты таңдады", - делінген хабарламада.

Жансейіт Түймебаев. © ontustik.gov.kz

ҚазҰУ директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директорлар ретінде Рахман Алшанов, Күнсұлу Закарья, Нұрлан Смағұлов, Еркін Тәтішев, Арманжан Байтасов және басқалары кіреді.

Сол күні "Гумилёв Лев Николаевич атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесі" жоғары оқу орнының басқарма төрағасы - ректоры лауазымына бес үміткердің дамыту бағдарламасын қарады. Дауыс беру қорытындысы бойынша республикалық комиссияның қарауына конкурстың екі қатысушысы - Амандықова Сәуле Көшкенқызы мен Сыдықов Ерлан Батташұлының кандидатурасы өтті.

"Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен республикалық комиссия және ЖОО директорлар кеңесі кандидаттармен әңгімелесу өткізді және ЕҰУ басқарма төрағасы-ректоры лауазымына Сыдықов Ерлан Батташевичті таңдады", - делінген хабарламада.

Ерлан Сыдықов. Фото: enu.kz

Айта кетейік, ЕҰУ директорлар кеңесінің құрамында Мұрат Әбенов, Қанат Нұров, Әлихан Байменов, Данияр Әшімбаев, Александр Ван Де Путт және басқалары болды.

Ерлан Сыдықов 2011 жылдан бері ЕҰУ ректоры қызметін атқарады. Бұған дейін ол Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін басқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети