10 қаңтар 2024 09:37

Кеңдала ауылындағы дауға қатысты әкімдік пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©️ instagram/talgar_akimat ©️ instagram/talgar_akimat

Алматы облысы Талғар ауданының әкімдігі Кеңдала ауылындағы үйлердің сүрілуі мүмкін екендігіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы Талғар ауданының әкімдігі Кеңдала ауылындағы үйлердің сүрілуі мүмкін екендігіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеңдала ауылында "Вишневый сад" саяжай қоғамының бас жоспары төңірегіндегі дау үш күннен бері басылмай тұр. Әлеуметтік желіде жергілікті билік Кеңдала ауылдық округіндегі саяжайларға ауыл мәртебесін бергісі келетіні, сол себепті тұрғындарға жаңа бас жоспар ұсынылғаны айтылған видео жарияланды. Алайда, үйлері сүрілетін тұрғындар өтемақы мөлшерін нақты айтпағандықтан, мұнымен келіспейді.

Бұл - осы мәселе талқыланған бірінші тыңдау емес. Бірақ бұл жолы шараны ұйымдастырушылар "дауыс беру өткізуді ұйғарған". Бөлмедегі кез келген адам дауыс бере алады. Ал мұндай маңызды кездесу туралы оларға бір күн бұрын ғана хабарланған. Бейнежазба авторлары кездесуде саяжайларға еш қатысы жоқ адамдар да жиналғанын алға тартады.

Талғар ауданының әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Үйлердің сүрілетіні туралы ақпарат жалған. Мен жергілікті атқарушы биліктің ресми өкілі ретінде айтып отырмын. Бірде бір үйге тиіспейміз. Бұрынғыдай өмір сүре бересіздер. Бұл құжат тұрғындардың мәселелерін шешу үшін қабылданып отыр. Жеке меншіктеріңіз заңмен және Конституциямен қорғалады. Оған рұқсатсыз ешкімнің араласуға құқығы жоқ. Үйді бұзамыз деген ниетпен біреу келсе, дәл осыны айтыңыздар", – деді Талғар ауданы әкімінің орынбасары Әнуар Әскербеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети