“Кенже қалмауға тиіс“. Тоқаев ЕАЭО-ны технологиялық бәйгеге бейімделуге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Кенже қалмауға тиіс“. Тоқаев ЕАЭО-ны технологиялық бәйгеге бейімделуге шақырды Сурет: Ақорда баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес (ЖЕЭК) отырысында сөз сөйледі. Оған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшылары қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес (ЖЕЭК) отырысында сөз сөйледі. Оған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшылары қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, ұлттық экономикалардың ұзақмерзімді орнықтылығы мен болашақтағы орнын сайлауы жаңа технологиялық сын-қатерлерге жедел бейімделуіне тікелей байланысты.

"Жаппай цифрландырудан бастап жасанды интеллектіге дейінгі технологиялық прогресс толқыны бірінен соң бірі туындап жатыр. Осылайша, технологиядағы әрбір жаңа белес озық ойлы адамдарға мүмкіндік сыйлайтын келесі соны серпіліске негіз қалайды. Сарапшылардың пікірінше, алдағы 20 жылдың ішінде биотехнология, автономды жүйелер, ғарыш экономикасы, энергияны сақтау, кванттық есептеу секілді маңызды технологиялық үдерістердің тұтас легі пайда болады", - дейі Президент.

Мәселен, ұзақмерзімді болжам бойынша 2035 жылға қарай әлемдік робот техникасы нарығының көлемі 376 миллиард доллардан асады.

"Виртуалды шынайылық индустриясындағы қаржы айналымы 700 миллиард долларға жуықтайды. Әрине, біздің елдеріміз осы жаһандық жаңашылдықтардан кенже қалмауға тиіс. Еуразиялық экономикалық комиссия перспективті даму бағыттарында нақты тәжірибе алмасуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетуі керек деп санаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті.

Мемлекет басшысы бүгінгі күннің символикалық мәніне назар аударды. Дәл осы күні, яғни, 2014 жылы 29 мамырда Қазақстан елордасында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылған болатын.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 486.51   567.34   6.86 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +25
Ақтау +16
Ақтөбе +13
Атырау +14
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +25
П
Павлодар +21
Петропавл +24
С
Семей +22
Т
Талдықорған +26
Тараз +30
Түркістан +19
О
Орал +16
Ө
Өскемен +28
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер