21 қыркүйек 2016 16:03

ҚХР Хэйлунцзян провинциясының делегациясы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне тікелей қатысуға ниет білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Астана қалалық мәслихат депутаттары Қытай Халық Республикасының Хэйлунцзян провинциясының делегациясымен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қалалық әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Кездесудің мақсаты Хэйлунцзян провинциясының Халықтық саяси консультативтік кеңесі мен Астана қаласы мәслихатының арасында достық қарым-қатынас орнату болып табылады.


Астана қалалық мәслихат депутаттары Қытай Халық Республикасының Хэйлунцзян провинциясының делегациясымен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қалалық әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Кездесудің мақсаты Хэйлунцзян провинциясының Халықтық саяси консультативтік кеңесі мен Астана қаласы мәслихатының арасында достық қарым-қатынас орнату болып табылады.

Кездесу барысында мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов қытайлық әріптестерін елордалық өкілетті орган айналысатын мәселелермен таныстырды. Мәслихат пен оның тұрақты комиссияларының қызметінің негізгі бағыттарына тоқталды. Халық қалаулылары сайлау округтарында тап болатын мәселелер, соның ішінде баспана алуға кезекке тұру, әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үйді жөндеу, абаттандыру, көгалдандыру, көшелерді жарықтандыру және асфальттау және т.б. туралы айтып берді.

 

Астана қаласы мәслихатының хатшысы Қытай Халық Республикасы еліміздің басты әріптестерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Қазақстан мен Қытай арасында екі жақты өзара қарым-қатынастың барлық бағыттары бойынша өзара тиімді ынтымақтастық белсенді дамып келеді. ҚХР қалаларымен және провинцияларымен достық байланыс орнату аясында Астана мен Бейжің және Үрімші қалаларының арасында тығыз бауырластық қарым-қатынас орнады.

Мәслихат хатшысы қонақтарды елорданың дамуының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен таныстырды. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге байланысты алдағы іс-шараларға толығырақ тоқталды.

"Қазақстандағы Қытай туризмі жылы болып жарияланған 2017 жыл тек туризмде ғана емес, сондай-ақ, индустрия, инновация және инвестициялар салаларында да белсенді ынтымақтастықтың орнауына ықпал етуге тиіс", - деді мәслихат хатшысы.

Қытайлық делегацияны бастап келген Хэйлунцзян провинциясының Халықтық саяси консультативтік кеңесі төрағасының орынбасары Ду Цзимин маслихат депутаттарын делегация мүшелерімен таныстырды. Депутаттарға жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, Хэйлунцзян провинциясы туралы мәліметтер ұсынды, провинцияда дамыған негізгі салаларға тоқталды.

Қытайлық кәсіпкерлер Астана қаласының аумағында жүзеге асырылып жатқан "Астананың жаңа көлік жүйесі. LRT 1-кезек" жобасына қызығушылық танытты. Жоба аясында жылжымалы құрамды, жабдықтар мен жүйелерді жобалау, салу, жеткізу, сондай-ақ, фотобейнетіркеу камераларын орнату бойынша Smart City Astana қарастыралғын. Хэйлунцзян провинциясының делегациясы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне тікелей қатысуға ниет білдірді және Астана қаласының аумағында Хэйлунцзян провинциясының аптылығын өткізуді ұсынды.

 

Ынтымақтастықты одан әрі жалғастырудың жоспарларын талқылауға және пікір алмасуға мәслихат депутаты Мажит Шайдаров пен Алмаз Ким қатысты.

"Бұл біздің бірінші кездесуіміз, достық қарым-қатынасымыз одан әрі жалғасады деп үміттенемін. Астана қаласының мәслихаты осы бағытта барлық жақсы бастамаларға қолдау көрсетуге дайын", - деді мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов кездесу соңында.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети