24 наурыз 2022 18:13

КҚК апаты Қазақстанға қалай әсер етеді? Энергетика министрі жауап берді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:facebook.com/cpcpipe Фото:facebook.com/cpcpipe

Каспий құбыр консорциумындағы жөндеу жұмыстары қашанға дейін созылады, Қазақстанның мұнай экспортына байланысты балама бағыттары бар ма, экспортқа байланысты мәселе қалай әсер етеді? Осы сұрақтарға энергетика министрі Болат Ақшолақов Atameken Business телеарнасы эфирінде жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Каспий құбыр консорциумындағы жөндеу жұмыстары қашанға дейін созылады, Қазақстанның мұнай экспортына байланысты балама бағыттары бар ма, экспортқа байланысты мәселе қалай әсер етеді? Осы сұрақтарға энергетика министрі Болат Ақшолақов Atameken Business телеарнасы эфирінде жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Энергетика министрлігінің басшысы былтыр КҚК бойынша 53-54 миллион тонна мұнай тиелгенін атап өтті.

"Мұнайдың мұндай көлемін қайта жіберу өте қиын болады. Дегенмен балама нұсқалар бар. Бірақ барлығын қайта жіберуге болмайды", - деді ол.

Мұнайдың бір бөлігі Ақтау порты мен Самара арқылы жіберілетіні айтылды. Сондай-ақ, аздаған мөлшерін Қытайға жіберуге болады. Қалған көлемі үлкен бағыттар біршама уақыт алады, өйткені олар техникалық шешімдерге байланысты жүзеге асады.

Сондай-ақ, министр жабдықты жөндеу қанша уақытқа созылатынын түсіндірді.

"КҚК бір жыл немесе бірнеше ай тоқтайды деп ойламаймын. Ол үш аптадан бір айға дейінгі уақытты алады", - деп мәлімдеді Ақшолақов.

Оның айтуынша, КҚК-дағы мұнай құбырын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде қазақстандық мұнай экспорты тоқтатылады, бірақ бұл мәселе туындатпайды.

"Мұнай өндіру бойынша кейбір жұмыс тоқтатылады, бірақ олар технологиялық тұрғыдан қолайлы болады. Қазақстандағы кен орындарында жұмыс жоспарлы түрде тоқтатылады. Мысалы, Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ сияқты кен орындары 40-50 күнге дейінгі мерзімге жоспарлы жөндеуден өтеді", - деді Энергетика министрі.

Болат Ақшолақов Қазақстанның мемлекеттік бюджеті бойынша мұнай секторынан түсетін кіріске қатысты қауіп жоқ екенін айтты.

"Бүгін мұнай қымбаттады. Таңертең барреліне 120 доллардан асты. Ал биыл орта есеппен 60 доллар деп жоспарланды. Сондықтан бұл тұрғыда ешқандай қауіп жоқ", - деп атап өтті ол.

Ол қазір апат салдарын тексеру бойынша жұмыс жүріп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, техникалық жағынан жөнделеді.

"Сүңгуірлер су-тазарту қондығыларының жұмысын тексереді. Өкінішке қарай, дауыл жұмыс істеуге мүмкіндік бермей тұр. Олар таңертең ауа райы жақсаратынын, бұл не бүлінгенін анықтауға мүмкіндік беретінін айтты. Бүгін-ертең жауап аламыз деп үміттенемін", - деді Ақшолақов.

Бұған дейін Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйесіне зақым келуіне байланысты мұнай экспортын балама бағыттар бойынша ұлғайту мүмкіндіктерін қарастырып жатқаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети