05 мамыр 2021 20:15

"Кілтін жоғалтып алған". Түркістан әуежайындағы оқиға Қазнетті күлдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Түркістан әуежайында болған оқиға желі қолданушыларын күлдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан әуежайында болған оқиға желі қолданушыларын күлдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5 мамырда таңертең әуежай Алматыдан келетін кезекті рейсті қабылдамақ болған. Ұшақ аман-есен қонды, бірақ жолаушылар борттан шығарылмады. 15 минуттан кейін жолаушыларға басқа жерден түсетіні хабарланған. Осы ұшақтағы жолаушылардың бірі Facebook желісінде болған оқиғаны сипаттап берді.

"Стюардесса жердегі қызмет көрсету өкілдері гейттің кілтін жоғалтып алғанын айтады. Қазір біреу әуежайды айналып, "Кеше әуежайдан кім соңғы шықты? Кім кілтті үйіне алып кетті?" деп жүгіріп жүрген шығар", - деп жазды автор.

Түркістан әуежайының хабарына қарағанда, жолаушылардың ұшақтан түсуіне техникалық ақаулар мүмкіндік бермеген. Ұшақты күтуге дайындық кезінде телескопиялық баспалдақтың істен шыққаны анықталыпты. 

"Әуежайдың перрон қызметі жұмысшылары ұшақты тұраққа жеткізгеннен кейін жолаушыларды түсіру үшін ұшақты екінші телескопиялық баспалдаққа апарды. Мұндай шешім жолаушыларды түсіру кезінде ұшу қауіпсіздігін сақтау мақсатында қабылданды. Қазір техникалық ақау жойылды және телескопиялық баспалдақ қалыпты жұмыс істеп тұр", - деді Turkistan International Airport атқарушы директоры Марат Хасенов.

Оның айтуынша, әуекомпания мен жолаушылар әуежайға шағым түсірмеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети