Алматы көлігін тұраққа дұрыс қоймағаны үшін жол талғамайтын екі көліктің жүргізушісіне айыппұл салынды. Олардың көліктерін кездейсоқ куәгерлер суретке түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Газонға тұрақтаған "Mersedec-benz G-class" маркалы көліктің суреті аолицейлердің дереу әрекет етуіне себепші болған.
"Қалалықтардың шағымы бойынша жағдайды анықтау шаралары жүргізілді. "Mersedec-benz Gelandewagen" маркалы көліктің жүргізушісі бордюрдан шығып, газонға көлігін тұрақтағаны анықталды. Жүргізуші ереже бұзғанын мойындады. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабы 2-бөлігі ("Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу, Көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу, сондай-ақ көлік құралдарын гүлзарларда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе тоқтап тұру") бойынша он айлық есептік көрсеткіш (10 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.
Осындай жағдай Төлебаев пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында Lexus маркалы көлігін тротуарға қойған 28 жүргізушіге де қатысты қолданылды. Оған да ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.