Көкшетауда балалар ауруханасында жанжал шығарған ата-ана сот алдына келді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©️ ktk.kz ©️ ktk.kz

Көкшетауда дәрігерлерге күш көрсеткен еркекті сот екі тәулікке қамады. Ал оның әйелі 118 мың теңге көлемінде айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Көкшетауда дәрігерлерге күш көрсеткен еркекті сот екі тәулікке қамады. Ал оның әйелі 118 мың теңге көлемінде айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көкшетауда ер адам баласының саусағына ота жасап, алып тастаған дәрігерге шабуыл жасағанын жазған едік. Олар үш жасар баласының үш саусағына ампутация жасаған мамандарға ашуланған.

Баланың қолына ауыр зат құлаған. Ата-анасы баланы Ақмола облыстық балалар ауруханасына жеткізген. Ауыр соққыдан баланың үш саусағының сүйегі сынып, тек терісіне ілулі күйде қалған. Жағдайды ушықтырмау үшін баланы операцияға, яғни ампутацияға дайындау туралы шешім қабылданды. Жансақтау бөліміне жеткізілген баланың артынан ата-анасы да кіріп барған. Осыдан кейін ата-анасы емханада дау шығарған. Олардың бұл әрекеті аурухана камерасына жазылып қалған.

Көкшетау соты дәрігерлерді балағаттап, жағасынан алған ата-аналарға қатысты үкім шығарды. Олар баланың анасына 30 айлық есептік көрсеткіш, яғни 118 мың теңгедей айыппұл салса, әкесін екі тәулікке қамауға алып, әкімшілік жаза қолданған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.01  course up  530.45  course up  5.23  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer