30 мамыр 2022 11:15

"Қолдау көрсететініме күмәнданбасаңыздар болады" - Назарбаев референдум өткізу туралы

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:akorda.kz Фото:akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елде реформа жүргізу және одан әрі дамыту жөніндегі іс-қимылын одан әрі қолдауға дайын. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті белгілі саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елде реформа жүргізу және одан әрі дамыту жөніндегі іс-қимылын одан әрі қолдауға дайын. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті белгілі саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сұхбат барысында Назарбаев Конституцияға түзетулер енгізу бойынша бүкілхалықтық референдумға баратынын айтты. Сонымен қатар, Әшімбаев түзетулер арасында Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесіне қатысты өзгерістер де бар екенін атап өтті.

"Иә, 5 маусымда Конституция берген құқығымды міндетті түрде қолданып, референдумда дауыс беруге қатысамын. Мен еліміздің Негізгі Заңы - қатып қалған құқықтық реликт емес, қазақстандық қоғамның өмірін, ондағы болып жатқан өзгерістерді көрсететін тірі тетік екенін үнемі айтып келемін. Өзгерістер бұрын да енгізілген.

Бұл уақыт талабы болса және қоғамның ілгерілеуіне, демократиялық дамуына ықпал етсе, әр ұрпақтың негізгі заңға өзгерістер енгізуге құқығы бар деп санаймын. Мені, бәріңіз сияқты болып жатқан жағдайдың бәрі мемлекет пен біздің халқымыздың мүддесі үшін болғаны алаңдатады", - деді Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті "артында халқы мен елі үшін" не қалдыратыны әрқашан бәрінен де маңызды екенін атап өтті.

"2019 жылы саналы қадам жасап, көпшіліктің қарсылығына қарамастан, Мемлекет басшысы қызметінен кеттім. Халықтың қолдауымен кеттім. Мұны 2015 жылғы соңғы президенттік сайлау дәлелдейді, ол кезде мен 97,7 пайыз дауыс алдым. Иә, менде белгілі бір өкілеттіктер қалды. Бірақ бұл тегіс саяси транзит үшін және қоғам мен билік элитасында болуы мүмкін қайшылықтарды жеңілдету үшін жасалды.

Конституцияға сәйкес президент ретіндегі өкілеттілігімді Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа тапсырдым. Кейінгі жалпыхалықтық сайлауда ол жеңіске жетті. Осы жылдар ішінде мен оның еліміздің реформалануы мен одан әрі дамуы жөніндегі іс-әрекеттерін жан-жақты қолдадым. Бұл жолы да қолдау көрсететініме күмәнданбасаңыздар болады", - деді Назарбаев.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынған болатын. Бұл туралы Мемлекет басшысы ҚХА отырысында айтты.

Кейінірек Орталық сайлау комиссиясы өкілі республикалық референдум өткізу тәртібін айтты. Ал Қазақстанда референдумға 16,4 миллиард теңге бөлінген болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети