22 тамыз 2014 11:21

Колледждер мен ЖОО-ларға жаңа мамандық енгізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қазақстанда кішкентай балалармен жұмыс істейтін педагог-дәрігер деген жаңа мамандық пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке сілтеме жасап. Бұл туралы ҚР білім саласы қызметкерлерінің "Білім берудің инновациялық стратегиясы - мемлекеттің, қоғам мен тұлғаның тұрақты дамуының кепілі" атты республикалық тамыз кеңесінде айтылды.

"Маман тапшылығы алаңдатып отыр. Бүгінде республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында 60 мыңға жуық педагог жұмыс істейді, оның ішінде, жас мамандар - 18 мыңнан астам. Мамандандырылған жоғары білімі бар педагогтардың үлесі 20%-дан әрең асады. Соған байланысты "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту" мамандығы бойынша білім алатын студенттердің қатарын жыл сайын ұлғайту жоспарланып отыр", - деді Сәрінжіпов.

"Жоғары, кәсіби-техникалық білім беру департаменттеріне колледждер мен ЖОО-лар классификаторына ерте жастағы балалармен жұмыс істеуге арналған педагог-медициналық жұмысшы деген жаңа мамандық енгізу жүктелді", - деді министр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети