13 шілде 2021 10:36

"Көлсай көлдерінде" қар барысы тағы да фотоқақпанға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Экология министрлігі Фото: Экология министрлігі

"Көлсай көлдері" ұлттық саябағында қар барыстары фотоқақпанға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.


"Көлсай көлдері" ұлттық саябағында қар барыстары фотоқақпанға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

"Жақында "Көлсай көлдері" ұлттық саябағындағы фотоқақпанға қар барысы түсіп қалды. Былтыр саябақтағы фотоқақпанға Қызыл кітапқа енген жыртқыштар екі рет түсіп қалды: маусымда - екі аланы бар ұрғашы барыс, қазанда - екі барыс", - деді ведомство өкілі.

Саябақ әкімшілігінің ақпараты бойынша, оның аумағында тек 16 қар барысы бар. Жануарлар саны тұрақты.

Қар барысы (Uncia uncia Schreber, 1775) Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Біздің елде 120-130 басы бар, әлемде жеті мыңнан аспайды. Жыртқыштың санын есепке алу мен бақылаудың заманауи әдістерінің бірі - фотоқақпан қолдану. Елде 150-ден аса фотоқақпан құрылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети