21 ақпан 2020 18:11

Қордайдағы жанжал: ақсақалды ұрып-соққан күдікті сотталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қордай ауданында ақсақалды соққыға жыққан күдікті бірнеше аптадан кейін сотқа беріледі. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қордай ауданында ақсақалды соққыға жыққан күдікті бірнеше аптадан кейін сотқа беріледі. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қордайда қазір жағдай тұрақты, күндіз-түні Ұлттық гвардия қызметкерлерімен жұмыс істеп жатырмыз. Полиция қызметкерлеріне қол көтерген үш адамның барлығы табылды, ұсталды. Екі-үш аптада олардың ісі сотқа беріледі.

Сондай-ақ ақсақалды ұрып-соққан адам да ұсталды. Оны екінші күні тауып, ұстадық және медициналық сараптама аяқталған соң екі-үш аптадан кейін сотқа береміз", - деді ІІМ басшысы Сенатта.

"Бұл қылмыскерлер табылды ма? (...) Қай елде жүрсек те, ересектерге күш қолдану бізде болған емес. Бұл қылмыс. Қарт кісіні ұрғандар табылды", - деп қосты ол.

Бұған дейін Қордай ауданындағы тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен ақсақал ауруханадан шығарылғаны хабарланған. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети