22 қазан 2020 11:46

Корея елшілігі Денсаулық сақтау министрлігіне 38 800 ПТР-тест табыстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Корея елшілігі Фото: Корея елшілігі

Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігі ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы"  шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына COVID-19 пандемиясымен күрес үшін гуманитарлық көмек табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігі ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы"  шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына COVID-19 пандемиясымен күрес үшін гуманитарлық көмек табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанға Кореяда шығарылған 38 800 ПТР-тест жиынтығын гуманитарлық көмек ретінде жеткізілді. Олар Ұлттық сараптама орталығының Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облысындағы филиалдарына таратылады.

"Қазақстан үкіметінің уақытылы қабылдаған шараларының арқасында COVID-19 пандемиясының бірінші толқынын еңсерді. Қазір бірқатар елде вирус жаппай тарап жатқанда Қазақстан пандемияның екінші толқынына дайындалып жатыр. Мен Корея Республикасының гуманитарлық көмегі Қазақстанның пандемияның екінші толқынымен күресіне үлес қосады деген үміттемін", - деді Корея елшісі Ку Хонг-сок.

Дипломат Корея үкіметі қарттар үйі, балалар үйі, мектеп және басқа да мекемелерге қайырымдылық ретінде қорғаныс құралдарын үнемі жеткізіп отырғаннан бөлек, Үкімет деңгейінде вируспен күрес үшін онлайн кеңес өткізіліп жатқанын атап өтті.

Бұл - гуманитарлық көмектің бірінші партиясы. Қосымша тағы FFP2 стандартына сай қорғаныш маскалары (75 000 доллар), сондай-ақ ДДҰ жаһандық жеткізу каналы (WHO Global supply chain) арқылы алынған, құны 300 000 доллар медициналық жабдықтар жеткізіледі.

"Корея Республикасымен түрлі бағыт бойынша, оның ішінде денсаулық саласында достық, әріптестік қатынасымыз байланыстырады. Мұндай қиын кезде Корея елінің көмегін ерекше бағалаймыз және Оңтүстік Корея билігіне алғыс айтамыз", - деді денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов.

Еске салайық, Корея елшілігі Республика күнін атап өтуге бөлінген қаржыны қайырымдылыққа жұмсады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети