23 сәуір 2019 08:41

Кореяның бірінші ханымы қазақстандық студенттермен кездесті

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© newsis.com © newsis.com

Елімізге мемлекеттік сапармен келген Корея Президенті Мун Чжэ Иннің зайыбы Ким Джонсук 22 сәуірде Назарбаев университетіне барды, - деп хабарлайды "Хабар 24" тілшісі. 


Елімізге мемлекеттік сапармен келген Корея Президенті Мун Чжэ Иннің зайыбы Ким Джонсук 22 сәуірде Назарбаев университетіне барды, - деп хабарлайды "Хабар 24" тілшісі. 

Ол студенттердің арнайы дайындаған заманауи биін тамашалап, жастармен тілдесті. Өскелең ұрпақ өкілдері екі ел арасындағы ынтымақтастықты жалғайтын алтын көпір екенін атап өтті. Орайы келгенде, жастарды тіл үйренуге шақырды.

Содан соң Назарбаев университетінің кітапханасын аралап, былтыр Корея елшілігінің қолдауымен ашылған "Корея бұрышын" көрді. Онда Таңғы самал елінің тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін оқулықтар қойылған.

Ким Джонсук ханым оқу ордасына кітаптар сыйға тартты.


© news.joins.com

Сонымен қатар, Сеулде Қазақстанның мәдени аптасы басталды. Оны Корея-Орталық Азия ынтымақтастық форумының хатшылығы және елшілігіміз ұйымдастырып отыр.

Іс-шара Президент Мун Чжэ Инның Нұр-Сұлтанға жасаған сапарына орайластырылған. Екі елдің көшбасшылары экономикалық ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізген кезде, Сеул тұрғындары қазақ әндері мен биімен танысты.

Сондай-ақ, қазақстандық апта аясында сән және қазақстандық фильмдер көрсетілімі болады. Оңтүстік Корея көрермендері "Жерұйық" және "Жаңғақ тал" фильмдерін тамашалайды.

Іс-шараның ашылу салтанатында Сеулдегі қазақ диаспорасының өкілдері және студенттері қатысқан.

"Осындай шаралардың берері көп. Шетелдіктер бұл арқылы қазақтың дәстүрі және мәдениетімен танысады", - деді көрермен болған Төлеген Мұханов.

"Мун Чжэ Ин Президентінің Қазақстанға сапарына орай, біз қазақ дәстүрлері мен мәдениетін көрсетіп, осындай мереке ұйымдастырдық. Шараға қонақтар көп келді. Сондықтан олар Қазақстан туралы көбірек білгісі келеді деп айтуға болады", - деді Корея-Орталық Азия ынтымақтастық форумы хатшылығының директоры Лим Чхоль Ву.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети