12 шілде 2019 10:48

Қорғаныс министрі Отардағы оқ-дәрілердің сақталуы шарттарын тексерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Гвардейск гарнизонындағы жұмыс сапары аясында генерал-майор Нұрлан Ермекбаев оқ-дәрілердің сақталу шарттары мен тәртібін, жеке құрамның өртке қарсы қауіпсіздік талаптарының сақталуы мәселелерін тексерді, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Әскери ведомство басшысы зымырандар мен оқ-дәрілерді сақтау мен сақталу тәртібі, қару-жарақ, әскери және арнайы техниканың жабдықталуы мен жай-күйі, сондай-ақ өзге де материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілуі туралы лауазымды адамдардың баяндамасын тыңдады.

Қойманы тексеру нәтижелері бойынша оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы сақтау жөніндегі нысанның қауіпсіздік деңгейін арттыру, әскери қызметшілердің өртке және диверсияға қарсы қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз сақтауы жөнінде нақты тапсырмалар айқындалды.

Айта кетейік, арнайы комиссия Қазақстан Қарулы Күштерінің оқ-дәрілерін сақтау нысандарын тексеруді бастаған. 

Еске салайық, 24 маусымда Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Кейін апаттан 3 адам қаза тапқаны хабарланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети