Шымкентте той кортежіндегі көлік жүргізушілері жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте той кортежіндегі көлік жүргізушілері жазаланды Бейнеден алынған кадрлар

Желіде Шымкенттегі той кортежіне қатысқан автокөліктердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған сәті түсірілген видео пайда болды. Tengri Auto тілшісі оқиғаға қатысушылардың қалай жазаланғанын анықтады.


Желіде Шымкенттегі той кортежіне қатысқан автокөліктердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған сәті түсірілген видео пайда болды. Tengri Auto тілшісі оқиғаға қатысушылардың қалай жазаланғанын анықтады.

Кадрлардан көліктердің қала көшелерінде қарсы бағытқа шығып, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп және артқа жүріп, жол ережесін өрескел бұзғанын көруге болады.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

TengriAuto (@tengriautokz) жарияланымы

Полиция мәліметінше, тәртіп бұзушылар бейнебақылау камераларының көмегімен анықталды. Барлық автокөлік табылды.

"Қозғалыс кезінде жүргізушілер қарсы бағытқа шығу, бағдаршамның тыйым салатын түсіне өту, артқа жүру және өзге де қауіпті маневрлер жасап, жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірген", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Тексеру нәтижесінде барлық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 12 автокөлік айып тұрағына қойылды, ал кортеждің екі қатысушысы қамауға алынды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 476.71   561.69   6.29 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети