1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қорғаныс министрлігі: қазақстандық әскерилер Мәскеудегі шеруге бармайды 18 сәуір 2021, 16:58

Биыл қазақстандық әскери қызметшілер Мәскеуге Жеңіс шеруіне бармайды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінде өткен брифингте Тәрбие және идеологиялық
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: РИА Новости. Фото: РИА Новости.

Биыл қазақстандық әскери қызметшілер Мәскеуге Жеңіс шеруіне бармайды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінде өткен брифингте Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің өкілі Виталий Адамович мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жоқ. Биыл қазақстандық әскери қызметшілердің Қызыл алаңдағы шеруге қатысуы бастапқыда жоспарланбаған. Былтыр біздің әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай барғанын білесіздер", - деп жауап берді Қорғаныс министрлігінің өкілі.

Ол Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеу қалай өтетінін айтып берді.

"Қарулы Күштер ардагерлеріне құрмет көрсету рәсімі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып еліміздің барлық өңірінде өтеді. Яғни, іс-шаралар негізінен онлайн форматта болады. Сонымен қатар, біздің "Жас сарбаз" қозғалысы қосымша бірқатар іс-шара жоспарлады. Жас патриоттар да ардагерлерді құттықтайды. Әр аймақта, "қызыл" немесе "жасыл" аймақта орналасуына байланысты, мүмкіндік болса, салтанатты жиналыстар өткізілетін жерде ардагерлер әскери бөлімдерге шақырылады, онда олар қызмет ету бойынша тәжірибесін бөліседі", - деді Адамович.

Ол 7 мамыр мен Жеңіс күніне орай министрлік республикалық телеарналарда, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің Youtube-арнасында, "Жас сарбаз" қозғалысының Youtube-арнасында және басқа да әлеуметтік желілерде бірқатар көрсетілім жоспарлағанын айтты.

"7 мамырда кез келген қазақстандық "Хабар" телеарнасын сағат 15.30-да қосып, қазақстандықтардың өте қызық құттықтауын көре алады", - деді Виталий Адамович.

Қазақстандық әскери қызметшілер ардагерлерімізді қалай құттықтайды?

"Бізде құттықтау тәжірибесі жақсы. Әртістер, белгілі бір шығармашылық ұжымдар ардагерлердің тұратын жерлеріне барады, олардың еңбектеріне арнап соғыс жылдарындағы әндерді орындайды. Мұны ардагерлер ғана емес, бүкіл аудан, шағынаудан тұрғындары көреді, олар да құттықтайды", - деп атап өтті Қорғаныс министрлігінің өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!