20 шілде 2020 19:11

Коронавирус: Алматыда әлеуметтік қызмет көрсету орталығы инфекциялық стационарға айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласында коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу үшін әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ғимараты 500 төсек орны бар инфекциялық стационарға айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласында коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу үшін әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ғимараты 500 төсек орны бар инфекциялық стационарға айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"COVID-19-бен күресуде науқастарды жатқызатын орындарды көбейту қажеттілігіне байланысты салынып жатқан арнайы әлеуметтік Қызмет көрсету орталығының ғимаратын 500 төсек-орынға арналған бірінші эшелонның инфекциялық стационары ретінде қайта бейімдеу туралы шешім қабылданды. Барлық құрылыс-жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Нысанды бір айдан кейін тапсыруды жоспарлап отырмыз.

Жаңа ковидті госпиталь барлық қажетті заманауи жабдықтармен және медициналық газдармен жарақтандырылатын болады. Кадрларды даярлау жүргізілуде. Мұнда госпитальдың пациенттері емдеу-диагностикалық көмекті толық көлемде ала алады", - деп жазды қала басшысы.

Еске салайық, бүгін Алматыда коронавирус жұқтырып, жағдайы ауыр науқастардың саны азайғаны туралы хабарланды. Оның себебін инфекционист дәрігер Тамара Утағанова түсіндірді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети