12 наурыз 2020 10:31

Коронавирус: Алматының бас дәрігері кісі шақырып, қонаққа бармауға кеңес берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty.tv © almaty.tv

Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев үйге кісі шақырып, қонаққа бармаған жөн дейді. Мегаполистің бас дәрігері коронавирустың таралып кетпеуі үшін кешенді шаралардың жасалып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев үйге кісі шақырып, қонаққа бармаған жөн дейді. Мегаполистің бас дәрігері коронавирустың таралып кетпеуі үшін кешенді шаралардың жасалып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Телеарнаның мәліметінше, қазір Алматыда шетелден келген азаматтарды оқшаулау үшін бірнеше медициналық орталық дайындалған. Оның 2-і инфекциялық стационар болса, тағы 4 медициналық стационар жұмыс істеп тұр. Онда 490 адам бар. Қауіпті мемлекеттерден келген азаматтар бірнеше санатқа бөлініп бақылауда ұсталады.

Яғни, "а" тобына Қытай, Оңтүстік Корея, Иран және Италия мемлекеті жатады. Бұл азаматтар 14 күндік карантиннен кейін 10 күн бойы медицина қызметкерлері қоңырау шалып, олардың денсаулығын біліп отырады. 1 "б" тобына Франция, Германия мен Испания елдері кіреді екен.

"Бұл адамдар үйде карантиннің кезінде бұл карантинді үзетін болса, онда біз Тауарлардың қасиеті мен оның қауіпсіздігін қадағалайтын департаменттің өкілдеріне хабар береміз, олар бұл адамдарға әкімшілік шара қолдануына кейбір айыппұл салуларына құқықтары бар", - деді Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Қаланың бас дәрігері Алматыда коронавирус дерті ешкімде тіркелмегенін жеткізді.

Сонымен қатар, егер аталған дерт анықталған жағдайда оны емдеу шаралары да дайын екенін айтты.

Еске сала кетейік, осыған дейін әлеуметтік желілерде Алматы әкімінің бұйрығы бойынша қалада коронавирус анықталған жағдайға кешенді шаралар қолдану туралы жоба әзірленді деген ақпарат тараған еді.

Қала әкімі баспасөз қызметінің басшысы Әсет Мұқажановтың хабарлауынша, бұл жалған ақпарат. Мегаполис аумағында COVID-2019 вирусының алдын алу шаралары қарқынды жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети