04 наурыз 2020 22:26

Коронавирус: Алматының бас имамы діни рәсімдерді өткізбеуге кеңес берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

muslim.kz muslim.kz

Алматы қаласының бас имамы Еркінбек қажы Шоқай коронавирус қаупіне байланысты діни жоралғылар бойынша өтетін жиындар мен тойларды уақытша тоқтатуға кеңес берді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Алматы қаласының бас имамы Еркінбек қажы Шоқай коронавирус қаупіне байланысты діни жоралғылар бойынша өтетін жиындар мен тойларды уақытша тоқтатуға кеңес берді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол коронавирус індетінің таралуы әлемді алаңдатып отырғанын атап өтті. Оның пікірінше, сақтанған адамды құдай да сақтайды.

"Адам көп шоғырланатын жерлерге бармаған дұрыс. Дәстүрлі шараларымызды да мүмкіндік болса кейінге қалдырғанымыз жөн. Той, ас, қонақ асы, садақаларымыз бар, оған шариғат ешқандай тиым салмайды. 40 күніне берілмесе де, осы жағдайға байланысты кейін берсе Алланың құзырында ол қабыл болады. Сондықтан, меніңше, азаматтар бұған құлақ асу керек", - деді Еркінбек қажы Шоқай коронавирус тақырыбына арналған брифингте.

Айта кетейік, осыған дейін бұл қауіпті дерттен қалай сақтану керегі жайында жазғанбыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети