09 шілде 2020 19:01

Коронавирус: ғалым Қазақстанда ешкім ресми статистикаға сенбейтінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: openuni.io Фото: openuni.io

Париж саясаттану мектебінің экономика профессоры Сергей Гурьев коронавирус жұқтырған және аурудан қайтыс болғандардың статистикасын нақты жүргізбеу қазақстандықтар үшін қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Париж саясаттану мектебінің экономика профессоры Сергей Гурьев коронавирус жұқтырған және аурудан қайтыс болғандардың статистикасын нақты жүргізбеу қазақстандықтар үшін қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен қазақстандық әріптестеріммен сөйлесіп жүрмін... Әсіресе, осындай қиын жағдайда эпидемиямен күресу үшін нақты, сенімді статистика керек. Біз Қазақстанда ешкім ресми статистиға сенбейтінін көріп отырмыз. Барлығы айналасындағы адамдардың аурып, өліп жатқанын көріп отыр. Бұл статистикалық мәліметтің кешігіп жатқанын көрсетеді. Әрине, дұрыс статистиканы алған сәтте эпидемиямен саналы түрде күресуге болады", - дейді Сергей Гурьев YouTube желісіндегі Tengri TV арнасында өткен дөңгелек үстелде.

Оның пікірінше, дамыған елдер коронавируспен сәтті күресіп жатыр екен.

"Көптеген дамыған мемлекет дамушы елдерге қарағанда жақсы жұмыс істеп жатыр. Бұл көптеген дамушы мемлекетте коронавирустың екінші толқынының болу қаупі неге сақталып отырғанын түсіндіреді", - деді ғалым.

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 53 021-ге жетті. 35 137 науқас дертінен айықты, 280 адам қайтыс болды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети