26 наурыз 2020 10:42

Коронавирустан жазылған екі адам Алматыда - дәрігерлер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: theverge.com Сурет: theverge.com

Қазақстанда коронавирустан жазылған екі адам Алматыда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда коронавирустан жазылған екі адам Алматыда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, олар ауруханадан ертең, 27 наурызда шығарылады. 

Кеше елімізде коронавирустан екі адамның жазылғаны хабарланған болатын. "Екі емделуші коронавирустан жазылды. Қазір олар соңғы анализдерін тапсырып жатыр. Ертең ауруханадан шығады", - деген еді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Айта кетейік, соңғы ресми деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті. "Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 46 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 88 науқас тіркелді", - делінген хабарламада. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети