12 қазан 2020 19:13

Коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерлерінің туыстарына 10 миллион теңге берілді - министрлік

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

COVID-19-бен күресте қайтыс болған барлық 182 медицина қызметкерінің туыстары МӘСҚ 10 миллион теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.


COVID-19-бен күресте қайтыс болған барлық 182 медицина қызметкерінің туыстары МӘСҚ 10 миллион теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жоғарыда аталған төлем төленетін медицина қызметкерлерін өңірлердің және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармалары жанындағы арнайы комиссиялар ауырған медицина қызметкерлерін тексеру нәтижелері негізінде анықтайды. Өтінімдерді жинақтауды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады, одан кейін өтінімдер электрондық іс макеттерін қалыптастыру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-қа беріледі, содан соң төлем тағайындау үшін МӘСҚ-ға жіберіледі.

12 қазан сағат 18.00-дегі жағдай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 5 334 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 182 медицина қызметкеріне қатысты ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды. Осылайша, төлемдерді COVID-19-бен күресте қайтыс болған барлық медицина қызметкерлерінің туыстары алды.

Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Нұр-Сұлтан (1027) және Алматы (560) қалалары және Шығыс Қазақстан (480), Атырау (465) және Қарағанды (409) облыстары бойынша жүргізілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети