26 қазан 2021 10:24

Көршілес елдерде эпиджағдай қиындап барады - Мамин

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин көрші елдерде коронавирусқа қатысты жағдай күрделі екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин көрші елдерде коронавирусқа қатысты жағдай күрделі екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жалпы эпидемиологиялық жағдай бақылауда. Бұл ретте көршілес елдерде жағдай қиындап бара жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан облыстардың, әсіресе, шекаралас облыстардың әкімдері санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қадағалауы қажет, аурушаңдық деңгейін нақты қадағалап, шұғыл шаралар қабылдаңыздар", - деді Мамин Үкімет отырысында.

Премьер-министр мониторингтік топтардың жұмысын жандандыруды тапсырды.

"Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік шекарада эпидемиологиялық бақылауды күшейтеді. Қазіргі уақытта бірінші компонентпен 8,2 миллионнан аса адам, екінші компонентпен 7,4 миллионға жуық адам егілді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі жағдайды жеке бақылауға алып, вакцинациямен қамтамасыз етсін", - деп қосты Үкімет басшысы.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидахуал бойынша алдағы үш айға болжам жаңарғанын жариялаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети