07 желтоқсан 2022 14:45

Қошанов Ресей елшісінің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: parlam,kz, РИА Новости Фото: parlam,kz, РИА Новости

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкиннің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Atameken Business телеарнасына сілтеме жасап.


Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкиннің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Atameken Business телеарнасына сілтеме жасап.

Ерлан Қошанов Ресейдің Қазақстандағы елшісінің резонанс тудырған сұхбатына қатысты пікірін білдірді. Мәжіліс спикерінің айтуынша, дипломаттың кейбір сөзі оның статусына сай келмейді.

"Бородавкин мырзаның сұхбатын қарап шықтым. Кейбір сөздері оның статусына сай келмейді. Бородавкин мырзаны тәжірибелі дипломат ретінде танимыз. Ол насихаттаушылар мен саясаттанушыларға ұқсамауы керек. Бұл біріншіден. Екіншіден, ксенофобия Ресейде де, өзге елдерде де бар. Сондықтан біз елдерімізге пайдалы іспен айналысуымыз керек. Саясаткерлердің сөзі екі елдің байланысына зиян келтірмеуі керек", - дейді Қошанов.

Еске салайық, жақында Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин ресейлік басылымдардың біріне Қазақстандағы радикалды ұлтшылдар мен руссофобия туралы мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети