20 қаңтар 2020 15:37

Қостанай облысында полицейге жасалған шабуылдың мән-жайы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция департаменті сержант Дархан Базарбаевтың өліміне қатысты мән-жайды айтты. Брифингке қаскөйдің туыстары қатысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Полиция департаменті сержант Дархан Базарбаевтың өліміне қатысты мән-жайды айтты. Брифингке қаскөйдің туыстары қатысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Құтқарылған Алексей Золоторенко қаза тапқан сержант Дархан Базарбаевқа алғыс білдіріп, туыстарына көңіл айтуға келген.

Дәл соның үйінде қайғылы оқиға болған. Онымен бірге бір шатырдың астында өзінің қайнысы тұрады екен.


Оқиға орны

"Ол (күдікті -авт. түсіндірмесі) қонаққа келді, 15 минут отырды. Біз оған ұйықтағаны дұрыс болатынын айттық. Ол ренжіп, қоқан-лоқы көрсете бастады. Біз далаға шықтық, ол мені ұрды, мен жауап қайтардым. Осы үшін ол мені және отбасымды өлтіретінін айтып, пышаққа жүгірді", - дейді Алексей Золоторенко.

Осы кезде Золотаренконың пәтерінде оның жұбайы, анасы және төрт айлық баласы болған. Олар бірден полицейлерді шақырып, тамбурға шығып, бұзақы тұратын пәтердің есігін бұғаттаған. Шақыртуға келген полицейлер қосымша күштердің келуін сұрады. Жарты метрлік қараңғы тамбурда қайғылы оқиға болды. 

"Адамдарға қауіп-қатер төніп тұрғанын ескерге полицейлер жәбірленушілердің қауіпсіз жерге баруына көз жеткізген соң есікті ашқан. Бірінші болып резеңке таяқпен қаруланған полиция сержанты Базарбаев тұрған, одан кейін кіші сержант Сыздықовтың қолында аэрозольдық баллон болған. Есік ашылғаннан бетте бұзақы жүгіріп, Базарбаевтың кеуде тұсына бірден соққы жасаған, бірақ жараланғанына қарамастан, ол бұзақының қолынан резеңке таяқшамен ұрып, пышақты қағып жіберген. Осы уақытта Сыздықов оның бетіне аэрозольдық баллонды шашып, жерге құлатып, оны залалсыздандырды. Одан кейін сержант Базарбаев өзін нашар сезінген. Жарақат алғанын айтып, жедел жәрдем шақыруын сұраған", - деді Қостанай облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Құрмет Мәжікенов.


Оқиға орнында түсірілген сурет

ПД өкілдері полицейлер сауатты және кәсіби әрекет еткенін айтады. 

"Экипаж толығымен жабдықталған, бронежилеттер көлікте болған. Өздерімен бірге табельдік қару болған, бірақ олар жағдайды бағалап, ұстау үшін арнайы құралдар мен самбо тәсілдерін қолданатын болып шешкен. Бронежилеттерді қызмет атқару сипатына байланысты киеді, яғни "Ұстау" жоспары жарияланған уақытта ғана, яғни күдікті қарулы болған жағдайда. Ал 102 пультіне түскен хабарламада отбасылық жанжал туралы айтылған", - деп түсіндірді Құрмет Мәжікенов.

Күдікті бұрындары жарын ұрып-соққаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді, ал қазан айынан бастап маскүнем ретінде есепте тұрған. 

Еске салайық, 19 қаңтарда сержант Дархан Базарбаев қызметтік борышын өтеу кезінде мас бұзақының қолынан қаза тапқан болатын. Ол қылмыскерді залалсыздандырған, бірақ жедел жәрдем келгенше 25 жастағы полиция қызметкері қайтыс болған. Қаза тапқан адамның әйелі мен 4 айлық баласы қалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети