20 наурыз 2023 11:33

Қостанай облысындағы Президент резиденциясы балаларға беріледі

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысындағы Президент резиденциясы балаларға беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай облысындағы Президент резиденциясы балаларға беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңірде мүмкіндігі шектеулі балалар Президенттің бұрынғы резиденциясында оңалтудан өтеді. Ол резиденция Амангелді ауылының тұрғын алабында орналасқан.

"Жұмыс тобы психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған облыстық резиденция базасында оңалту орталығын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Жаңа орталық денсаулықты жақсартуға және әлеуметтік оңалтуға бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін көрсететін болады. Енді оңалту мерзімі 14 күннен 21 күнге дейін ұзартылады", - деп хабарлады Қостанай облысының әкімдігі.

Қазір облыста мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бір ғана оңалту орталығы бар. Облыста психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған екі мыңға жуық бала тізімде тұр.

Оңалту орталығы жыл сайын 1,5 пен 18 жас аралығындағы кем дегенде 900 баланы қабылдай алатыны атап өтілді.

Орталықта логопед, дефектолог, реабилитолог жұмыс істейді. Балалар массаж, жаттығу терапиясы, гидротерапияны ала алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети