24 мамыр 2023 15:29

Қостанайда қою түтін жұрттың үрейін ұшырды. Желіде оқиғаның видеосы тарады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда қою түтін жұрттың үрейін ұшырды. Желіде оқиғаның видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанайда қою түтін жұрттың үрейін ұшырды. Желіде оқиғаның видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде өрт болған жерден фото, видеолар тарап жатыр. Кадрдан қаланың кейбір аудандарын түтін басып қалғанын көруге болады. Белгілі болғандай, бүгін Төтенше жағдайлар департаментіне Мичурин көшесінің ауданында қамыс пен шөптің өртенгені туралы хабарлама келіп түскен. Өрттің жеке секторға таралу қаупі болған.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми мәліметінше, қазір Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің он техникасы мен жеке құрамының 27 адамы жұмыс істеп жатыр.

Құтқарушылар өрт аймағында болған 30-дан астам адамды эвакуациялады. Өрт аумағы 1,5 гектарды құрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети