21 мамыр 2021 14:19

Қостанайда полицей терезеден құлап кете жаздаған баланы құтқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Қостанайда полицей терезеден құлап кете жаздаған 2 жастағы баланы құтқарып қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Қостанайда полицей терезеден құлап кете жаздаған 2 жастағы баланы құтқарып қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

20 мамырда Қостанай полициясына Волынов көшесіндегі үйлердің бірінің терезесінде кішкентай бала торға сүйеніп тұрғаны туралы хабарлама түскен. Шақыртуды сол маңға ең жақын болған № 522 патруль қабылдаған.

Құқық қорғау органы қызметкері уақыт жоғалтпастан тез арада баланы құтқаруға кіріскен.

"Полиция мекенжайға бірнеше минутта барды. Осы уақытта үй маңында тұрғындар мен жаяу жүргіншілер жиналған. Патрульдік полиция қызметкері Мерей Хайруллин терезеге дейін өрмелеп шығып, бір қолымен торды шығарып, ал екінші қолымен баланы ұстап қалды. Нәтижесінде 2 жасар қыз құтқарылды", - деді полиция өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети