Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Қостанайдың экс-әкімі мен оның орынбасарларының ісі сотқа жетті

05 Қаңтар 2016, 14:54
0
© Svopi.ru
© Svopi.ru

Қостанай облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына атышулы "әкімдік ісі" бойынша материалдар келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаланың экс-шенеуніктері мен ірі кәсіпкерлерінен тұратын 8 адам, яғни Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжанов, оның бұрынғы орынбасары Мақсұт Қалиев, екінші экс-орынбасар Фрунзик Аракелян, ТҮКҚ бөлімінің бұрынғы басшысы Жеңіс Шинкин пара алды және пара берді деген күдікпен ұсталған еді.

Бұған дейін Ахметжановтың үй қамауындағы мерзімі 2016 жылдың 8 қаңтарына дейін (қамауда ұстау мерзімі - 4 ай), Қалиевтің тергеу изоляторындағы мерзімі 1 қаңтарға дейін (жалпы мерзім - 5 ай), Аракеляндыкі 3 қаңтарға дейін (жалпы мерзім - 5 ай), ТҮКҚ бөлімінің бұрынғы басшысы Жеңіс Шинкиннің қамаудағы мерзімі 5 қаңтарға дейін (жалпы мерзім - 7 ай) ұзартылған болатын.

Сонымен қатар, кәсіпкер Леонид Васильев пен Сергей Биктибаевты қамауда ұстау мерзімі 6 қаңтарға дейін (жалпы мерзім - 4 ай), Гагик Овнанян - 1 қаңтарға дейін (жалпы мерзім - 5 ай), Сергей Бобровныйдың қамаудағы мерзімі 5 қаңтарға дейін (жалпы мерзім - 7 ай) ұзартылды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай