07 қазан 2015 10:25

ҚР БҒМ жауапты хатшысы Парламент Мәжілісінің депутаты болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлия Ғалымова. © ortcom.kz Әлия Ғалымова. © ortcom.kz

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінде жауапты хатшының қызметін атқарған Әлия Ғалымова Парламент Мәжілісінің депутаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінде жауапты хатшының қызметін атқарған Әлия Ғалымова Парламент Мәжілісінің депутаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін біздің қатарымыз тағы бір депутатпен толықты. ҚР Орталық сайлау коммисиясының қаулысымен "Нұр Отан" партиясының мүшесі Әлия Ғалымова Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тағайындалды. Әріптесімізді құттықтаймыз", - деді төменгі палата спикері Қабиболла Жақыпов ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында.

Айта кетейік, Әлия Ғалымова ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 2011 жылғы V шақырылымда кандидат болған, алайда ол партиялық тізім бойынша өтпей қалды. 2010-2012 жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Кейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети