22 ақпан 2022 15:14

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жасөспірімдерді вакциналау үшін "Спутник М" тіркелгенін растады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник М" вакцинасы тіркелгенін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник М" вакцинасы тіркелгенін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрілік затқа тіркеу куәлігі уақытша сегіз айға берілді.

"2022 жылғы 9 ақпанда Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті сегіз ай мерзімге "Гам-КОВИД-Вак-М" дәрілік затына уақытша тіркеу куәлігін берді. "Спутник М" 12-17 жастағы жасөспірімдерге арналған", - делінген хабарламада.

Ведомство Гам-КОВИД-Вак-М SARS-CoV-2 тудыратын коронавирус инфекциясының алдын алуға арналған біріктірілген векторлық вакцина екенін атап өтті. Сондай-ақ, "Спутник М" мен "Спутник V" арасындағы айырмашылық аденовирустық бөлшектердің концентрациясы бес есе төмендегенін еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети