1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

ҚР СІМ коронавирус мәселелері бойынша жедел желі ашты

© REUTERS © REUTERS

ҚР СІМ-де коронавирус мәселелері бойынша жедел желі ашылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі министрлікті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"ҚР Сыртқы істер министрлігінде ҚХР-дағы коронавирус мәселелері бойынша жедел желілер ашылғанын хабарлаймыз. Жұмыс уақытында Қазақстан азаматтары келесі нөмірлер бойынша хабарласа алады: +7 (7172) 72-05-49, +7 (7172) 72-01-98, +7 (7172) 72-04-93. Жұмыстан тыс уақытта және демалыс күндері +7 (7172) 72-01-11 нөмірі бойынша хабарласуға болады. 

Сонымен қатар, ҚХР-дың кейбір қалаларында карантиннің енгізілуіне байланысты Қытай аумағындағы біздің азаматтар үшін Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігінде +86 10 65324189 телефоны бойынша тәулік бойы жедел желі ашылды, - делінген хабарламада. 

Осыған дейін Қытайдан келген төрт адам ЖРВИ күдігімен Қазақстанда ауруханаға жатқызылғаны туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қытайдан және іргелес мемлекеттерден келген қазақстандықтардан дәрігермен байланысып, емханаға қаралуды сұрады.

Доллар арзандады
Доллар арзандады