23 маусым 2022 09:42

ҚР Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанға көңіл айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: twitter.com/DrAhmadamarkhil Фото: twitter.com/DrAhmadamarkhil

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ауғанстанның шығысындағы жойқын жер сілкінісінен көптеген адам қаза болуына байланысты ауған халқының қайғысына ортақпыз. Қазақстан халқы мен басшылығы атынан осы апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына шын жүректен көңіл айтамыз. Тезірек сауығып, қалыпты өмірге оралуды тілейміз", - делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, сәрсенбіде Ауғанстанда магнитудасы 5,9-6,1 балл (әртүрлі бағалаулар бойынша) жер сілкінісі болды. Оқиға Пәкістанмен шекаралас оңтүстік-шығыс Хост қаласынан 44 шақырым жерде болған.

Ауғанстандағы жойқын жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 1000-ға жетті

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети