23 маусым 2022 09:13

Ауғанстандағы жойқын жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 1000-ға жетті

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: twitter.com/DrAhmadamarkhil Сурет: twitter.com/DrAhmadamarkhil

Ауғанстанда болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1000-ға жетіп, жараланғандар саны 600-ден асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі REUTERS агенттігіне сілтеме жасап.


Ауғанстанда болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1000-ға жетіп, жараланғандар саны 600-ден асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі REUTERS агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті билік қаза тапқандар саны тағы артуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Жаралыларды эвакуациялап, дәрі-дәрмек пен азық-түлік жеткізу үшін тікұшақтар жұмыс істеп жатыр.

Ел билігі шұғыл көмек алу үшін халықаралық гуманитарлық ұйымдарға жүгінді.

Америкалық сейсмологтар жер сілкінісі шамамен 51 шақырым тереңдікте болған дейді. Оның ошағы Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Хост қаласынан 44 шақырымдай жерде болғанын нақтылады.

Қайтыс болғандардың көпшілігі елдің шығысындағы Пактика провинциясында. 

Еске салайық, Ауғанстанда қатты жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері түнде, жергілікті уақыт бойынша 01:30 шамасында басталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети