Қуандық Бишімбаев сотқа жеткізілді: Экс-шенеунікті үш бірдей адвокат қорғайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қуандық Бишімбаев. © Тұрар Қазанғапов Қуандық Бишімбаев. © Тұрар Қазанғапов

Қуандық Бишімбаев тергеу абақтысынан сотқа жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі бұрынғы ұлттық экономика министріне қатысты сот тыңдауы өтетін Астананың мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сот залынан.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қуандық Бишімбаев тергеу абақтысынан сотқа жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі бұрынғы ұлттық экономика министріне қатысты сот тыңдауы өтетін Астананың мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сот залынан.

Алдын ала тыңдау мамандырылған соттың ең үлкен залында өтеді. Бишімбаевты бірден үш адвокат қорғайды. 

Қатысушылар саны көп болғандықтан сот тыңдауы үлкен залда өтіп жатыр. Журналистерге арнайы зал қарастырылған, ол жақтан процесті экраннан көруге болады. Экс-министр видеокамералар мен фотообъективтердің алдында сабырлы көрінді.

Залда сотталушылардың туыстары мен жақындары және Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әріптестері бар. Алдын ала сот отырысын бұл соттың төрағасы Әділхан Шайхисламлв жүргізеді. Биылғы қаңтардан бастап ұлттық экономика экс-министрі қамауда болды.

Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері ҚР Ұлттық экономика министрлігін басқарған Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын. "Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан", - деп хабарлаған еді Антикоррупция қызметінің өкілдері.

8 айға жуық министр болған Бишімбаев Астана қалалық ІІД-нің уақытша тергеу ұстау изоляторына қамалған еді.

Бұл іс бойынша тағы 20-дан астам адам фигурант ретінде сотқа шақыртылады, олардың арасында НҰХ "Бәйтерек" құрамына кіретін "Байтерек DEVELOPMENT" АҚ-ның қызметкерлері барын айта кетейік.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.51  course up  572.36  course up  6.34  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer