30 наурыз 2022 09:09

Құбыр құлаған Петропавлдағы ЖЭО-2-де тағы бір жабдық істен шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

29 наурызда Петропавл ЖЭО-2-де тағы бір жабдық істен шыққаны хабарланды. Бұл жолы - қож құбыры бұзылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


29 наурызда Петропавл ЖЭО-2-де тағы бір жабдық істен шыққаны хабарланды. Бұл жолы - қож құбыры бұзылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құбырдың құлауы нәтижесінде құбырдың астында орналасқан бір күл-қож құбыры істен шықты. Станция үш қож құбырымен жұмысын жалғастырды. 29 наурызда № 1 түтін құбырының астындағы құбыр да істен шықты", - деді "Солқазэнерго" АҚ баспасөз хатшысы Лилия Шерина.

Оның айтуынша, қалпына келтіру жұмыстары 31 наурызға дейін созылады. Сол уақытта Петропавл ЖЭО-2-де істен шыққан қож құбыры қайта жұмысын бастауы керек. Құлаған құбырды бөлшектеу 15 сәуірде басталады.

Еске салайық, 20 наурызда Петропавл ЖЭО-2-де 150 метрлік мұржаның бір бөлігі құлады. Оқиғадан кейін бір тәуліктен астам уақыт құтқарушылар кәсіпорын маманын іздеді. 22 наурызда 38 жастағы қызметкердің мәйіті үйінділердің астынан табылды. СҚО Прокуратурасы тергеу жүргізіп жатыр. 22 наурызда "ЖЭО-2" ЖШС директоры мен кәсіпорынның бас инженері ұсталып, Петропавл полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

26 наурызда Петропавлдағы ЖЭО-2-де тағы да апат болды.

ЖЭО-2-нің құлаған мұржасы 1961 жылы пайдалануға берілген. 2016 жылы құлаған құбыр жөнделген болатын. 2021 жылы қараша және желтоқсанда Петропавлдағы ЖЭО-2-де екі рет апат болды. Екі ретте де 2 қазандық істен шықты. Кейін қаланың бірнеше ауданы электр жарығынсыз қалған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети