Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Құдайбергенов Назарбаевтың нағыз дағдарыс туралы айтқан сөзін түсіндірді

20 Қазан 2015, 18:17
0
Олжас Құдайбергенов. © youtube.com
Олжас Құдайбергенов. © youtube.com

Макроэкономикалық зерттеулер институтының директоры Олжас Құдайбергенов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың нағыз дағдарыс туралы айтқан сөздеріне қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Назарбаевтың кешегі айтқандарынан бірнеше пунктті белгілеп алуға болады. Бұрын дағдарыс қысқа мерзімді деген болжам жасалды. Сонымен қатар, сәлден кейін жағдайдың жақсаратыны және дағдарысқа қарсы қысқа мерзімді шаралардың жеткілікті екені айтылды. Бұған дейінгі дағдарысқа қарсы шаралардың барлығы қысқа мерзімді болды. Міне, нағыз дағдарыстың келгені және оның ұзаққа созылатыны мәлімделді. Ол дегеніміз дағдарысқа қарсы ұзақ мерзімді шаралар қолға алынады дегенді білдіреді", - деп жауап берді журналистердің "нағыз дағдарыс деген не" деген сұрағына Олжас Құдайбергенов.

Ол сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстан премьер-министрімен кездесуі барысында айтқан бюджет кірісінің көрсеткіштеріне назар аударды.

"Бюджет кірісі шамамен 40 пайызға төмендеген, бұл жердегі мәселе салық түсімінде. Бірақ девальвация есебінен Ұлттық қордан 8 миллиард доллар көлемінде жылдық трансферт болды. Бір реттік трансферттер де бар. Енді девальвация 188 теңгелік бағам бойынша делік, бір жарым триллион теңге аударылса, 277 теңгелік бағам бойынша 2,2-2,3 триллион теңге аударылатын болады. Сондықтан Ұлттық қор трансферті қосымша тек девальвация есебінен 700-800 миллиард теңгеге артады. Сол себепті салық түсімінің төмендеуіне қарамастан бюджет кірісінің жалпы көлемі сақталады. Сондықтан бюджетте ешқандай қысқарту болмайды. Менің түсінуімше әңгіме тиімсіз шығындар жөнінде. Ал жалпы алғанда, дағдарыс кезінде бюджет шығынын қысқарту дұрыс емес, себебі жеке сектор да шығынды қысады. Осындай сәттерде үкімет ұлғайтуы тиіс (шығынды - Авт.)", - деді Құдайбергенов.

Макроэкономикалық зерттеулер институты басшысының айтуынша, кешегі айтылған сөздерден кейін оның ақыры неге әкеп соғатыны белгісіз. "Ол туралы тікелей айтылған жоқ. Бірақ жалпы, бұл девальвация түрлі сектордағы бағаның өсуіне алып келеді, әзірше әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы аса қатты көтерілген жоқ. Бұл жағдайдың қай кезге дейін сақталатынын білмеймін. Ол субсидия есебінен ғана шыдап тұруы мүмкін. Менің ойымша, бюджетте өсімге шыдайтын мүмкіндік жеткілікті", - деді Құдайбергенов.

Ал дағдарыстың қай кезге дейін жалғасуы мүмкін деген сұраққа ол мұнай бағасы төмен болса оның да жалғаса беретінін айтты.

Еске сала кетейік, кеше, 19 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовті қабылдады. Кездесу барысында Елбасы бюджеттің тиімділігі аз шығындарын қысқартуды тапсырды. "Кәсіпорындар мемлекет қаражатпен қамтамасыз етеді деп күтпеуі тиіс. Олай болмайды, Ұлттық қордың ақшасын жаңа нысандар құрылысына, сондай-ақ нашар жұмыс істейтін кәсіпорындарды қолдауға, субсидиялауға пайдалануға тыйым саламын. Бұл жағдайда қандай өндіріс тиімді, қайсысы тиімсіз жұмыс істейтіні бірден көрінеді. Сондай-ақ біз барынша тиімді менеджмент тарту үшін жекешелендіру жүргіземіз", - деді Қазақстан Президенті.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай