Құдықта уланып қаза тапқан үш жігіттің оқиғасы: Төтенше жағдайдың мән-жайы

15 Тамыз, 14:10
0

Кегенде құдықта газдан уланып қалған үш жігіттің өліміне қатысты жаңа деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облыстық ТЖД мәліметінше, жігіттер онда көршісінің мотопомпын жөндеу үшін келген.

"Бұл оқиға 12 тамызда шамамен сағат 18.30-да болды. Жігіттер картопты суару үшін мотопомпты жөндемекші болды. Содан олардың бірі судың ағысын күшейту үшін 10 метрлік құдыққа түсіп, газдан уланып, сыртқа шыға алмаған. Қалған екі жігіт оны құтқармақ болып, артынша құдыққа түсіп, нәтижесінде үшеуді газдан уланып қайтыс болды", - деп хабарлады Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.

Құдықтың маңында тағы бір бала болған. Ол достарының артынан бармаған, бірден көмек шақырған. Қазіргі уақытта ол аман-есен.

"Ол құдыққа түспей, жергілікті тұрғындарды көмекке шақырды. Жігіттердің денесін сағат 21.45-те шығарып, ТЖД өкілдеріне осы жайлы хабарлады", - деді ТЖД өкілдері.

Осыған дейін Алматы облысында үш жігіттің құдықтан су тартып шығарып деп уланғаны жайлы хабарланған болатын. Төтенше жағдай 12 тамызда Алматы облысы Кеген ауданы Алғабас ауылының маңында болған. Жігіттердің жасы 24-25-те болған.

Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай