Құқық қорғау органының қызметкерімін деген алаяқ жезөкшелерді бопсалаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құқық қорғау органының қызметкерімін деген алаяқ жезөкшелерді бопсалаған Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Абай облысында өзін ҰҚҚКБ қызметкері ретінде таныстырған ер адам әйелдерді есепке қоямын деп қорқытып, жалған "қамқорлығы" үшін ақша бопсалаған. Ол қылмыс үстінде ұсталып, нақты мерзімге сотталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Абай облысында өзін ҰҚҚКБ қызметкері ретінде таныстырған ер адам әйелдерді есепке қоямын деп қорқытып, жалған "қамқорлығы" үшін ақша бопсалаған. Ол қылмыс үстінде ұсталып, нақты мерзімге сотталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот бопсалау және құқық қорғау органы қызметкерінің атағын өз бетінше иемдену бабы бойынша айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Іс бойынша не белгілі?

Ж. есімді азамат өзін ҰҚҚКБ қызметкері ретінде таныстырған. Ол хабарландыру сайтынан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің қызметтік куәлігінің муляжын, сондай-ақ адвокат куәлігінің муляжын сатып алған.

Содан кейін ол ақылы интимдік қызмет көрсететін адамдар жиналған топқа қосылып, "Анжела" лақап атымен хат алмасқан. Кездесу сылтауымен ол жәбірленушінің үйіне келген. Онда қызметтік куәліктің муляжын көрсетіп, өзін Абай облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері ретінде таныстырған. Содан соң оны арнайы есепке қоятынын айтып, қамауға алумен қорқытқан.

Соңында ол "мәселені шешуді" ұсынып, 20 000 теңге талап еткен, әйел бұған келіскен. Пәтерде оның әріптесі бар екенін білген ер адам ақшаны аулаға алып шығуын талап етіп, оны да есепке қоятынын айтып қорқыта бастаған.

Нәтижесінде Семей аумағында жезөкшелікпен айналысуға жалған қамқорлық көрсеткені үшін ер адам жәбірленушілерден күн сайын 15 000 теңгеден талап еткен. Жария болып кетуден және жауапкершілікке тартылудан қорыққан олар бұл талаптарға келіскен.

Сот мәліметінше, келесі күні ол мессенджер арқылы өзінің "қамқорлығындағыларға" жазып, психологиялық қысым көрсеткен және "қамқорлық ақысын" 40 000 теңгеге дейін көтеріп, төлеуді талап еткен.

Ұсталуы

Бірнеше күннен кейін ер адам 130 мың теңге алып жатқан кезде қылмыс үстінде ұсталды. Бұл Семей орталығындағы сауда үйлері бірінің тұрағында болған.

Тінту кезінде одан ҰҚК қызметкері куәлігінің муляжы мен сол ақша табылды. Кейін банкноттардың нөмірлері жәбірленушілердің бірі бұған дейін берген купюралармен сәйкес келетіні анықталды.

Соттағы іс-әрекеті

Сот талқылауы барысында ер адам кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін білдірді. Жәбірленушілер келтірілген шығынның өтелгенін айтып, оны бас бостандығынан айырмауды сұраған.

Соған қарамастан, сот айыпталушы Ж.-ның іс-әрекеттері жүйелі сипатта болып, қорқытумен, психологиялық қысыммен және құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтіретін мемлекеттік билік атрибуттарын пайдаланумен ұласқан деген қорытындыға келді.

"Сот сотталушының іс-әрекетін бопсалау (ҚК 194-бабы 2-бөлігі 3-тармағы) және билік өкілі атағын өз бетінше иемдену (ҚК 390-бабы 2-бөлігі) деп таныды. Жаза тағайындау кезінде сот кінәні мойындауын, өкінуін, шығынды өтеуін және жас балалардың болуын ескерді, бірақ жасалған қылмыстардың қоғамдық қауіптілігінің жоғары екенін де атап өтті", - деп хабарлады Абай облыстық сотының баспасөз қызметі.

Жаза

Қылмыстардың жиынтығы бойынша, жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот айыпталушы Ж.-ға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Үкім заңды күшіне енді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 463.34   544.52   6.19 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер