14 наурыз 2021 17:52

Құлаған Ан-26-ның "қара жәшігі" тексеріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алихан Сариев/Tengrinews.kz Фото: Алихан Сариев/Tengrinews.kz

ҰҚК Алматы маңындағы әуе апатынан соң қабылданған шаралар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҰҚК Алматы маңындағы әуе апатынан соң қабылданған шаралар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Үкіметі орын алған авиациялық жағдайдың мән-жайын анықтау мақсатында құрамына Ұлттық қаупсіздік комитеті, Қорғаныс және Ішкі істер министірліктерінің өкілдері кірген арнайы сараптау комиссиясын құрды.

Қазіргі уақытта комиссия мүшелері әуе кемесінің апатқа ұшыраған оқиға орнында. Борттық жазу құралы ("қара жәшік") табылды және ішіндегі мәліметтері тексеріліп жатыр, нәтижелері жақын уақытта хабарланады", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, қаза болғандардың туғандары мен туысқандарымен психологтар жұмыс істеп жатқаны хабарланды. Медициналық көмек көрсету үшін Алматы қаласында орналасқан ҰҚК Госпиталінің мамандары жұмылдырылды.

Арнайы бортпен Е.Васильковтың ата-аналары Петропавл қаласынан Алматыға жеткізілді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаза болғандар мен жапа шеккендердің отбасылары мен туғандарына қажетті материалдық, жерлеу рәсімдерін өткізу үшін де барлық көмек түрлерін көрсетіп жатыр. 

Еске салайық, 13 наурызда Алматы әуежайының маңында ҰҚК авиациялық қызметінің ұшағы апатқа ұшырады. АН-26 құлап, өртенді. Қазіргі уақытта борттағы екі адамның өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр. Олардың жағдайы өте ауыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети