Күйеуін қасқырдан құтқарған әйел оқиғаның мән-жайын айтып берді

21 Қаңтар 2015, 17:06
0
Күйеуін қасқырдан құтқарған әйел оқиғаның мән-жайын айтып берді - ©REUTERS
©REUTERS

Шығыс Қазақстан облысының Желдіқара ауылында күйеуін қасқырдан пышақпен құтқарып қалған Гүлзира Дулатова осы оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, әйел бұл кезде үйінің жанында тұрған. Қасқыр шапқан кезде күйеуі бұған "үйге тығыл" деп айқайлайды. Бірақ ол күйеуіне көмектесуді ойлайды. "Мен үйге жүгіріп кіріп, пышақ алып шықтым да, күйеуіме лақтырдым, ол пышақты алып, қасқырды өлтірді", - дейді Дулатова. Қазір ер адам ауруханада жатыр. 

Мамандардың айтуынша, бұл адамдарды Құдайы сақтаған. Әдетте қасқыр шабуылдаған кезде атыс қаруынсыз қорғану мүмкін емес. Өңірде қасқырдың көбейіп кетуіне қардың қалың жаууы себеп болған. Соның салдарынан жыртқыштардың қорек табуы қиындап, олар мал мен жанға шаба бастаған. Биыл Шығыс Қазақстанда қасқыр тиген малдың шығыны 191 миллион теңгеден асып кетті. ШҚО табиғатты қорғау прокуратурасының мәліметінше, жыртқыштарды атуға тоғыз миллион теңге бөлінген. Аймақтың тоғыз ауданында 400-ден астам аңның көзі жойылып, аңшылар ауланған 328 бас аң үшін марапатталды. Бір бас аңға 12 мың теңге берілді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Дулатованың қасқырды пышақтап өлтіргені хабарланған еді. Енді жыртқышты оның күйеуі өлтіргені белгілі болып отыр. Ақпарат құралдары күйеуін қасқырдың аузынан құтқарып қалған әйелдің марапатқа ұсынылғанын да хабарлаған болатын. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай