08 ақпан 2020 21:32

"Қылмыстың ұлты болмайды" - Ассамблея қазақстандықтарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан халқы ассамблеясы қазақстандықтарды Президенттің Жамбыл облысындағы қақтығыстың салдарын жоюға бағытталған тапсырмасын жүзеге асыруға жан-жақты қолдау білдіруге шақырып, үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан халқы ассамблеясы қазақстандықтарды Президенттің Жамбыл облысындағы қақтығыстың салдарын жоюға бағытталған тапсырмасын жүзеге асыруға жан-жақты қолдау білдіруге шақырып, үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ассамблея өкілдерінің мәлімдемесінде қылмыстың ұлты болмайтыны, ал кінәлі барлық адам анықталып, заң бойынша жазалануы тиіс екені жазылған.

"Кордайдағы оқиғалар елдің әрбір азаматының жүрегін ауыртады. Қайғылы оқиға болды - азаматтарымыз қаза тапты. Қазақстан халқы ассамблеясы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейді", - делінген мәлімдемеде. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы халықтың даналығына сенім білдіреді және азаматтарды, ең алдымен, жастарды елдегі бейбітшілік пен келісімге нұқсан келтіруге, оларға зиян келтіруге қабілетті ойластырылмаған сөздер мен істерден бас тартуға шақырады.

"Қазақстан халқы әрдайым бір-біріне бауырлас қарым-қатынастың үлгісі болып қала беретініне сенімдіміз. Балаларымыздың ортақ болашағы үшін біз ұлттық араздықты қоздыруға жол бермеуіміз керек. Біз азаматтарды жалған ақпараттарға сенбеуге, қоғамдық қауіпсіздік пен адамдардың тыныштығын қамтамасыз етуде құқықтық тәртіп органдарына көмек көрсетуге, біздің елімізде бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға шақырамыз", - делінген мәлімдемеде

Ассамблея мүшелерінің айтуынша, Мемлекет басшысы қақтығыстың салдарын еңсеру жөнінде нақты тапсырмалар берді. "Біз Қазақстан халқына осы күш-жігерді қолдауға және оларды іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге шақырамыз. Осы тапсырмаларға сәйкес Ассамблея еліміздің барлық өңірінде түсіндіру жұмыстарын, этномәдени бірлестіктермен жиналыстар ұйымдастырды. Сондықтан бүгінгі таңда ең басты міндет - арандатуға жол бермеу, жекелеген өкілдер жасаған теріс қылықтарға тұтас ұлттарды айыптауға жол бермеу", - деп мәлімдеді Ассамблеядағылар.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы полиция департаменті Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болғанын растады. Кейін WhatsApp, Facebook желісінде "Қордайдағы видеолар" деген атаумен түрлі видео тарады. 

Масанчидегі жаппай төбелеске 300 адам қатысқан. Сондай-ақ осы күні Масанчи ауылының маңындағы Сарытөбе ауылында тұрғындар мен полиция арасында жаппай төбелес болды. Оқиғаның видеосы да жарияланды. Кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданындағы жағдайдайға қатысты пікір білдіріп, тәртіп бұзғандар жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Масанчи және Сортөбе ауылдары Қырғызстанмен шекара маңында орналасқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети