Қырғызстан президенті Назарбаевты "Манас" орденімен марапаттады

02 Шілде 2015, 11:38
0
Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев. © РИА Новости
Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев. © РИА Новости

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты І дәрежелі "Манас" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев одақтастық қарым-қатынастың және Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы стратегиялық серіктестіктің дамуына, бейбітшілік пен екі ел халқының көршілігін нығайтудағы ерен еңбегі үшін І дәрежелі "Манас" орденімен марапатталды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев өзінің қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевты әлем көшбасшыларының бірі деп атаған болатын. Атамбаевтың айтуынша, соңғы кездері Қырғызстан мен Қазақстанның қарым-қатынасы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне өтті. Қырғызстан басшысының пікірінше, республиканың ЕАЭО құрамына енуінен кейін екі ел арасындағы тауар айналымы бірнеше есеге артады. Сонымен қатар, Атамбаев үнемі көрсететін көмегі үшін Қазақстанға алғыс айтты.

 

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай