24 маусым 2015 14:36

Қырғызстан президенті Назарбаевты әлем көшбасшысы деп атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев. © РИА Новости Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев. © РИА Новости

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев өзінің қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевты әлем көшбасшыларының бірі деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай мәлімдемені ол Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы жаңа елшісі Айымдос Бозжігітовке сенім грамотасын табыстау барысында айтты.

Атамбаевтың айтуынша, соңғы кездері Қырғызстан мен Қазақстанның қарым-қатынасы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне өтті. Қырғызстан басшысының пікірінше, республиканың ЕАЭО құрамына енуінен кейін екі ел арасындағы тауар айналымы бірнеше есеге артады. Сонымен қатар, Атамбаев үнемі көрсететін көмегі үшін Қазақстанға алғыс айтты.

"Мен елші арқылы Қазақстан Президенті құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ерекше ықыласымды білдіргім келеді, біз үнемі біздің құрметті ақсақалымыздан осы елдің президенті ретінде мен және біздің ел қолдау мен көмекті алып отырамыз. Мен сенімдімін және тағы бір мәрте қайталап айтқым келеді, алайда Назарбаевтың тек Қазақстанның емес, бүкіл өңірдің көшбасшысы екені көпшілікке ұнамайды, ол әлем көшбасшыларының бірі, оның әрекеті бүкіл ғаламшардағы бейбітшілікті нығайтуға бағытталған", - деп мәлімдеді Атамбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қазақстандықтарды тұрақтылықты қастерлеуге және Нұрсұлтан Назарбаевты сақтауға шақырған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети