24 желтоқсан 2017 15:46

Қыс болмайды - күннің ерекше жылынуы Шымкент тұрғындарын қатты қуантты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент тұрғындары жолдаған сурет Шымкент тұрғындары жолдаған сурет

Шымкенттің тұрғындары ауа райымен мақтанып жатыр. Жаңа Жылға бір апта қалса да, қалаға көктем келгендей - 18 градус жылы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Шымкенттің тұрғындары ауа райымен мақтанып жатыр. Жаңа Жылға бір апта қалса да, қалаға көктем келгендей - 18 градус жылы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Шымкенттің тұрғыны бүгін қалада расымен көктемдегідей жылы екенін дәлелдегісі келіп, редакциямызға видео жолдады.

Айта кетейік, Gismeteo мәліметтері бойынша, бүгін Шымкентте +17 градус.

Алматы мен Астанада да бүгін күн жылы. Синоптиктердің мәлімдеуінше, бүгін Алматыда +3, ал Астанада -1 градус.

"Қазгидромет" орталығының болжамы бойынша, 24 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды, тек шығыста, оңтүстік-шығыста күн ашық болады. Кей жерлерде тұман түсіп, боран соғады, көк тайғақ болып, жел күшейеді.

"Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел 15-20, Жамбыл облысында екпіні секундына 23 метр болатын дауыл күтіледі. Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, күндіз кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшеюі ықтимал. Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, жел секундына 15-20 метр болады деп күтіледі. Күндіз Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр болады деп күтілуде", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети