11 қазан 2019 22:54

Қытай кімді жаулап алыпты? - Назарбаев синофобия жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев өзара өндірістердің құрылыстары біткеннен кейін қытайлық азаматтардың ешқайсы Қазақстанда қалмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  


Нұрсұлтан Назарбаев өзара өндірістердің құрылыстары біткеннен кейін қытайлық азаматтардың ешқайсы Қазақстанда қалмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

"Қытай бізді жаулап алады деген әңгімелерді естіп жүрмін. Қайда, кімді жаулап алды? Қазақстан жерін вагонға салып, бір жаққа алып кете ме? Қытай билігімен келісімім бар, бірге өнеркәсіптер салған кезде үкімет қанша маманның келетінін көрсетіп қол қояды - құрылыс біткен соң олар кетеді. Кезінде төраға Ху Цзиньтао маған былай деген: "Егер кетпесе, айтыңыз, бәрін кері алып кетеміз", - деді Назарбаев "Хабар" телеарнасына. 

Ол өзара өндірістердің кәсіпорынды көшіру емес, Қазақстанға маңызды және қажетті жобаларды салу екенін айтты. 

Оның айтуынша, Қазақстан Жібек жолымен жүретін тауарлардың транзитінен жылына 5 миллион доллар табады. 

Назарбаев халықтың үлкен қалаларға неге жиі көшетінін түсіндірді

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети