Қытай көлігін сатып алуды жоспарлап жүрсіз бе? Ендеше мына ақпаратты оқыңыз!

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Коллаж TengriAuto Коллаж TengriAuto

Қытай автокөліктері Қазақстан нарығын белсенді түрде жаулап келеді. 2024 жылы елімізге 63 450 көлік әкелінсе, соның 40 пайызына жуығы – қытайлық көліктер. ҚХР-дан шыққан брендтер өз позицияларын нықтап, көлік жолдарында көзге жиі түседі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қытай автокөліктері Қазақстан нарығын белсенді түрде жаулап келеді. 2024 жылы елімізге 63 450 көлік әкелінсе, соның 40 пайызына жуығы – қытайлық көліктер. ҚХР-дан шыққан брендтер өз позицияларын нықтап, көлік жолдарында көзге жиі түседі.

Қытай көліктерінің танымалдығы күн сайын артқанмен, көпшілік әлі күнге дейін олардың атауы мен логотипін ажырата алмай жатады. Әр брендтің артық-кем тұстары, ерекшелігі туралы нақты түсінік жоқ. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Tengri Auto қазақстандық оқырманға арнап "Қытайлық авто әлемі" атты алғашқы интерактивті жобаны ұсынды. Бұл – қытай автонарығын біздің елдің жағдайына сай етіп бейімдеген жан-жақты әрі қолжетімді анықтамалық.

Жоба нені қамтиды:

Брендтер галактикасы: Әр автоконцерн – жеке бір ғалам. Онда суббрендтер, модельдер мен иерархиялық жүйелер түсінікті тілмен көрсетілген. Chery, Geely, GWM, FAW, Changan және басқа да атаулардың артында кім тұрғанын білесіз.

Қысқа әрі нақты деректер: Әр брендтің шығу тарихы, басты ерекшелігі және неге мұнша көп екендігі туралы – артық ақпаратсыз, тек маңызды мәліметтер беріледі.

Атауын дұрыс айта білейік: Бренд атауларын қалай дұрыс айту керегін арнайы аудио жазбалар арқылы естіп, оңай меңгере аласыз. "Джили" дейміз бе, әлде "Гили" ме – бұл сұраққа енді нақты жауап бар.

Жуырда жобадағы жаңалықтар:

Модельдің жеке картасы: Әр көлік үлгісі бойынша техникалық сипаттамалар, иелерінің пікірлері мен сарапшылардың бағасы ұсынылады.

Көліктер рейтингі: Бұл рейтинг жарнаманың жетегіне емес, нақты жүргізушілердің шынайы пікіріне негізделген. Сондықтан көлік таңдауда қателеспей, саналы шешім қабылдауға көмектеседі.

Ең соңғы жаңалықтар – бір жерден: Қазақстанда жұмыс істейтін қытай автокомпанияларына қатысты ең өзекті жаңалықтар мен жаңартулардан үнемі хабардар болып отырасыз.

Бұл жоба қытай көліктеріне қызығушылығы жаңа оянғандар үшін де, әлдеқашан тізгіндеп жүрген жүргізушілер үшін де пайдалы. Біз оны тұрақты түрде жаңартып, жаңа үлгілер мен шынайы пікірлерді толықтырып отырамыз.

"Қытайлық авто әлемі" арнайы жобасына өтіңіз

Tengrinews
Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Астанада ірі өрт шықты
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.5  course up  611.91  course up  6.59  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer