06 тамыз 2014 11:02

Қытайдағы зілзала құрбандары арасында қазақстандықтар жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайдағы жойқын зілзала кезінде қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ, Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері хабарлады. Еске сала кетейік, жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 600 адамға жуықтаған болатын.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің атына Юньнань провинциясының Чжаотун қаласында жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның құрбан болып және зардап шегуіне байланысты көңіл айтқаны хабарланған еді. 

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында 3 тамыз күні магнитудасы 6,1-ге тең жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт 16.30-да тіркелді. Зілзаланың эпицентрі Вэньпин елді мекенінен 11 шақырым, Чжаотун қаласынан 29 шақырым қашықтықта анықталды. Дүмпу ошағы 10 шақырым тереңдікте болды. 

Зілзала кезінде Қытайдың Лудиан округі көп зардап шекті. Онда 265 мың адам тұрады. Телефон байланысы үзіліп, бірнеше ғимарат қирады, электр желілері зақымданды. Провинция билігі апат аймағына гуманитарлық көмек жөнелтті. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, бұл - Юньнаньда соңғы 14 жыл ішінде болған ең жойқын зілзала.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети