08 желтоқсан 2020 09:06

Қытайдың Қазақстанға тікелей инвестициясы 80 пайызға жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай Халық Республикасының Қазақстан нарығына тікелей инвестициясы 80 пайызға, яғни 360 миллион АҚШ долларына ұлғайды. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо қазақстандық журналистерге берген сұхбатында айтты. Бұл туралы Хабар 24 телеарнас хабарлады.


Қытай Халық Республикасының Қазақстан нарығына тікелей инвестициясы 80 пайызға, яғни 360 миллион АҚШ долларына ұлғайды. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо қазақстандық журналистерге берген сұхбатында айтты. Бұл туралы Хабар 24 телеарнас хабарлады.

Дипломаттың мәліметінше, биыл еліміздегі "Қорғас" арнайы экономикалық аймағы арқылы 4 мыңнан аса контейнерлік пойыз өткен. "Достық-Алашанькоу" халықаралық дәлізі арқылы да Қытай - Қазақстан - Еуропа бағытында осынша көлемде жүк тасымалданды. Көрсеткіш былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 45 пайызға жоғары. Қытай Халық Республикасының елшісі көлік тасымалының артуы 2020 жылғы басты жетістіктердің бірі екенін айтты.

"Коронавирус екі ел байланысына кері әсер еткен жоқ, керісінше қарым-қатынас нығайып келеді", - дейді дипломат. Қазақстан мен Қытайдың өзара байланысы пандемияға қарамастан нығая түсті. Екі мемлекет қиын сәтте бір-біріне қол ұшын беріп, тату көрші екендіктерін дәлелдеді.

"Қазақстан халқы мен үкіметі Қытай үшін ең қиын сәтте қолдан келген көмегін аямады. Моральдік қолдау мен гуманитарлық жүк коронавирус анықталған алғашқы апталарда өте маңызды мәнге ие болды. Бұл достық ниетті біз ешқашан ұмытпаймыз", - дейді Чжан Сяо.

Оның айтуынша, бүгінгідей кезеңде осынша көлемдегі өсім едәуір деп айтуға болады.

"Енді қолға алынатын жобалардың ішінде жоғары технология, автокөлік, электрлі көлік, сондай-ақ жаңартылған қуат көздеріне қатысты бастамалар бар. Екі елдің өзара тауар айналымы бүгінде 18 млрд АҚШ долларынан асқан. Бұл - Қазақстан және Қытай үкіметінің кейінгі екі жылда атқарған жұмысының нәтижесі", - дейді дипломат.

Бұған қоса "Бір белдеу - бір жол" саяси бастамасы аясында ежелгі Жібек жолын цифрлық тұрғыда дамыту да жоспарланып отырғаны да айтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети